Әрекет реті
- Агентке қолданба мекенжайын және қажетті репозиторийге рұқсат беріңіз. Кодқа рұқсатсыз ол нұсқаулық бере алады, бірақ сайтты өзгерте алмайды.
- Агент сайт ресурсын жасап, кассаны таңдайды. Таңдауды тексеріңіз: ақшаны қай сатушы алатыны соған байланысты.
- Тест кілттері мен webhook құпиясы қорғалған беру арқылы жобаның сервер ортасына сақталады. Оларды чатқа, браузер кодына, Git-ке не журналдарға енгізуге болмайды.
- Агент серверлік төлем сұрауын және webhook қолтаңбасын тексеруді қосады. Қолданба тауар не қолжетімділікті тек расталған нәтижеден кейін береді; жұмыс кілті сіз бөлек растаған соң шығарылады.
Кодта нені тексеру керек
- Сол идемпотенттік кілтпен қайталау екінші төлем жасамауы керек.
- Бір webhook қайталанып келсе, тауар не қолжетімділік екі рет берілмеуі керек.
- Сатып алушының сайтқа оралуы банк мәртебесі мен сомасын тексеруді алмастырмайды.
Kaspi құпиясөзі, SMS-кодтар мен банк сессиясы өзіңізде қалады. Кілттер қорғалған баптау арқылы беріледі, ал жоба кодына рұқсатты бөлек бересіз.
Әзірлеуші мен ЖИ-агентке
Құрал схемалары, параметрлер, сұрау үлгілері мен рұқсат шектеулері ағылшынша Markdown анықтамалығында берілген.
Ағылшынша техникалық анықтамалық